Павлодар облысы аумағындағы мемлекеттік шекарадан екі азаматқа елге кіруге тыйым салынды

22 Ақпан 2022, 23:40
1387
Бөлісу:
Павлодар облысы аумағындағы мемлекеттік шекарадан екі азаматқа елге кіруге тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Өткен тәулікте шекарадан 511 азамат өтті. Олардың ішінен ТМД-ның екі азаматына елге кіруге тыйым салынады. Олар өзбекстандық және ресейлік тұрғын, деп мәлімдеді Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

 

Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  облыс аумағында орналасқан «Үрлітөбе», «Қосақ», «Амангелді», «Шарбақты» 4 автомобильді өткізу бекеттерінде адамдардың кіріп-шығуына бақылау әлі де жалғасуда. 

 

Жыл басынан бері өңірге 24 445 адам келді. Оның 11 034 халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер болса, 13 411 жолаушы. Осы күнге дейін ПТР тестінің теріс анықтамасы болмаған елдің резиденті емес 135 азаматқа ел аумағына өтуіне тыйым салынды. Сонымен қатар, шекара аумағында 3 543 ПТР тест тексеру жүргізіліп, аурудың симптомсыз ағымымен 30 елге кірген жағдай анықталды. Карантинді стационарларға еліміздің 374 азаматы орналастырылды, - делінген баспасөз хабарламасында.

 

 

Өзгелердің жаңалығы