Павлодар мұнай-химия зауытындағы жоспарлы жөндеу мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін

1 Шілде 2023, 13:43
708
Бөлісу:
Павлодар мұнай-химия зауытындағы жоспарлы жөндеу мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін

Павлодар мұнай-химия зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Өндіріс ошағындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшылығы осындай мүмкіндікті қарастыруды тапсырды.

Зауыттың бас директоры Қуаныш Бишімовтің айтуынша, жөндеу жұмыстары барысында өрт қауіпсіздігі күшейтілді. Отты жұмыстар жүргізіліп жатқан учаскелерді күнбе күн бақылау жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстары 30 күн жүргізіледі. Науқан 19-шы шілдеде аяқталуы тиіс. Осы күні мұнай өңдеу жұмыстарына қайта кірісеміз. Ағымдық жөндеу шараларына 1600-ден астам адам жұмылдырылған. Бұл – мердігер ұймыдардың мамандары. Күнделікті атқарылған жұмыстар жіті бақылауымызда. Мердігер ұйым өкілдерімен бірге атқарылған жұмыс көлеміне мониторинг жүргізіп отырамыз, - дейді Қуаныш Бишкімов.

Айта кетейік, кәсіпорында күрделі жөндеу кезінде жүргізілетін жұмыстың негізгі бөлігіне технологиялық жабдықтардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық тұрғыдан куәландыру, жөндеу және сараптау кіреді.

Ұлттық компания басшысы Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі жанар-жағармай нарығындағы жағдай тұрақты және әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінен тапшылық жоқ екенін атап өтті.

Қазіргі таңда дизельдің елдегі көлемі 525 мың тоннаны құрайды. Яғни, 31-32 тәулікке жетеді. Бензиннің көлемі 300 мы ңтоннадан асады, яғни, бұл – 22-23 тәуліктік қор. Әуекеросинге тоқталатын болсақ, ол да тұрақты. Әрине, біздің мақсатымыз – зауыттың жұмыстарын уақытында аяқтау және қауіпсіз, сапалы жүргізу. Осы екі мәселені қолға алдық, - дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Павлодар мұнай-химия зауыты осы жылдың алты айында 2 млн 772 мың тонна шикізат өңдеді, 790 мың тоннадан астам бензин, 947 мың тоннадан астам дизель шығарды. Битум бойынша өндіріс көлемі 128 306 тонна, мазут - 287 592 тонна, сұйытылған газ – 157 765 тонна, ал авиа отын 97 827 тонна көлемінде өндірілді.

Жиын барысында өндіріс ошағында жүзеге асырылатын жобалар да сөз болды. Маңызды жобалардың бірі – арктикалық дизель өндіру.

Өңдеуге түсетін мұнайдың сапасы, өнім сапасына қойылатын талаптардың артуы және қысқы дизель отынын өндіру перспективасы – зауыт үшін басым бағыттардың бірі. Бұл ретте жақында Мемлекет басшысына таныстырылған дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау және сутегін өндіру қондырғысын салу жобалары ерекше маңызға ие. Сутегін өндіру жобасын француздық компаниясымен бірге қолға алынады. Жақында ғана келіссіөз жүргіздік. Жобаның бағасы 80 млн еуроны құрайды. Аяқталу мерзімі – 2025 жыл. Жоба бізне не береді? Осы жұмыстың арқасында қысқы дизель шығара бастаймыз. Бір жылда 160 мың тонна өнім өндіріледі деп күтілуде, - дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар, мұнай-химия зауытын әр үш жыл сайын жөндеу керектігі айтылды. Бұл да – болашақтың еншісінде.

Өзгелердің жаңалығы