Павлодар мектебінен 500-ге жуық адам эвакуацияланды

3 Ақпан 2020, 21:46
1368
Бөлісу:
Павлодар мектебінен 500-ге жуық адам эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай шешім қабылдауға ғимараттың жертөлесінде орналасқан қалқандағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

№11 модульдік үлгідегі екі қабатты жалпы білім беретін бейіндік мектеп Жеңіс алаңында орналасқан.
Электр қалқандағы сымдарының тұйықталуы орын алды, бірақ та жанбады. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін жағдай ретке келтірілді. Мектеп пен ТЖ қызметтерінің бірлескен жұмысының арқасында эвакуация тез және ұйымдасқан түрде өтті. Ғимараттан 396 оқушы мен 53 қызметкер өздері шықты, - деді ТЖ аймақтық департаменті.  

Оқиға орнына ТЖ-ның 19 өрт сөндірушісі мен алты техника, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы, жедел медициналық көмек, полиция орталығының қызметкерлері шықты. №11 ЖОМ әкімшілігі зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Екі сағат ішінде ақаулар жойылды, ал "Павлодарэнергосбыт" ЖШС-не сымдардың жағдайын толық тексеру үшін өтінім берілді. Екінші ауысымда мектепте 577 адам оқиды. Қазір мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. 
Өзгелердің жаңалығы