Тек қана Павлодар қаласының тұрғындарына арналған онлайн байқау

11 Сәуір 2020, 09:43
2458
Бөлісу:
Тек қана Павлодар қаласының тұрғындарына арналған онлайн байқау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқауды Естай атындағы мәдениет сарайы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен өткізеді.

Байқаудың мақсаты – ұлттық ас үйдің сан ғасырлық дәстүрлерін сақтау және дәріптеу. Сондай-ақ, ұмыт қалған ұлттық тағамдарды жаңғырту және заманауи жаңа тағамдарды жасау. Ұлттық және этникалық ас үйдің ұмытылып бара жатқан тағамдарын, сондай-ақ туған үйге, туған жерге және Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін насихаттау. Үй тапсырмасын дайындау барысында қатысушылар белгілі бір ұлттық ас үйдің ерекшеліктері мен ұлттық нақышқа ерекше назар аударуы тиіс. Қатысушының басты міндеті – дайындаған тағамды ұтымды ұсына білу және оның шығу тарихын тыңдармандарға толық жеткізу - дейді Естай атындағы мәдениет сарайы шығармашылық бөлімінің әдіскері Камат Әбдірнәсірова. 

Қатысушылар әзірлеген тағамдары туралы 3 минуттық бейнеролик дайындауы тиіс. Бейнероликті Instagram парақшасына жариялап, #Бірліккүні# және #dk_estay_pvl# хэштегін белгілеуі қажет. Байқауға бейнероликтер 20 сәуірден 1 мамырға дейін қабылданады және тек Павлодар қаласының тұрғындары қатыса алады. Байқау тапсырмаларын орындау нәтижелері бойынша қазылар алқасы қорытынды шығарады және "Ұлттық дәстүрді сақтағаны үшін", "Стиль мен дәстүрдің үйлесімі үшін", "Ас мәзерін берудегі ерекшелігі үшін", "Ұлттық колорит ерекшелігі үшін" номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады. 

Қаламыздың кез келген тұрғыны қатысуға құқылы. Бастысы – кез келген ұлттық асхананың рецепті бойынша мерекелік тағам дайындау. Жариялым байқау уақытында шығуы керек. 2020 жылдың 3 мамыр күні ұйымдастырушылар жеңімпаздарды анықтайды. Қорытынды нәтижесіне орай қатысушылар номинациялар бойынша марапатталады. Ұйымдастыру комитеті конкурстың қорытындысын шығару кезінде әр номинацияда бір немесе бірнеше жеңімпазды анықтауға, басқа қосымша номинациялар құруға құқығы бар, - деді Камат Әбдірнәсірова. 

Айта кетейік, онлайн-өтінімдер 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады. Анықтама телефоны: 87027000603.

Өзгелердің жаңалығы