Telegram мессенджерінің негізін қалаушы әрі миллиардер Павел Дуров студенттерге арнап кеңес айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өзінің Telegram арнасында жариялаған жазбасында Дуров студенттерді математика пәнін таңдауға шақырды. Оның айтуынша, математика адамды өз ақылына сүйенуге, логикалық тұрғыда ой қорытуға, күрделі мәселелерді бөліктерге ажыратып, оларды кезең-кезеңімен шешуге үйретеді.
Егер сен қандай бағытқа көңіл бөлу керегін таңдап жүрген студент болсаң — математикаға тоқтал. Математика саған өз ақылыңа толықтай сүйенуді, логикалық ойлауды, мәселелерді бөліктерге бөліп, оларды дұрыс реттілікпен кезең-кезеңімен шешуді үйретеді. Бұл — компания құрып, жобаларды басқару үшін ең қажет негізгі дағды.Бұл — компания құруға және жобаларды басқаруға қажетті басты дағды, — деп атап өтті Дуров.
Бұған дейін Павел Дуров өзінің Telegram-арнасында соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы алкоголь, темекі, кофе, дәрі-дәрмек пен есірткіден мүлде бас тартып жүргенін айтты.
Егер ойыңыз әрдайым сергек болып, өз мүмкіндігіңізді толық іске асырғыңыз келсе, тәуелділік тудыратын заттардан аулақ болыңыз. Менің жетістігім мен денсаулығым — осыдан. Қысқа сәттік ләззат болашағыңызға тұсау болады. Бұл туралы мен 7,5 жыл бұрын да айттым — әлі күнге дейін маңызы жойылған жоқ, — деп жазды ол.