Пациент пен медұйымдардың арасындағы қарым-қатынас өте маңызды – сарапшы

7 Қазан 2019, 20:24
2288
Бөлісу:
Пациент пен медұйымдардың арасындағы қарым-қатынас өте маңызды – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өткен «Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру» атты сарапшылар қауымдастығының диалогтық отырысында «Амирам» қайырымдылық қорының жетекшісі Марина Чейшвили пациент пен медициналық ұйымдардың арасындағы қарым-қатынас туралы айтты. 

«Біз бүгін мемлекет басшысының жолдауын талқыладық. Мұндай алаңда өз ойыңды ашық, айқын, түсінікті етіп жеткізу мүмкіндігі туады. Мысалы, мен қан обырымен күресетін адамдарға көмек көрсету қайырымдылық қорын ашқанмын. Өйткені, пациент пен медициналық ұйымдардың, әлеуметтік қорғау ұйымдарының арасында конструктивті қарым-қатынас қалай орнату қажеттігін білемін. Қазіргі кезде адамдарға бұл өте қажет. Көптеген азаматтар өз сұрақтарына жауап ала алмай жүреді. Мұндай мәселе болмауы тиіс. Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы мен үшін өте қарапайым әрі түсінікті. Біз бір-бірімізбен ортақ тіл табысуымыз керек. Бүгінгі алаңда өзімді мазалайтын бірқатар сұрақтардың жауабын аламын деп ойлаймын», - деді Марина Чейшвили.

Ол дәрігелер өз салалары бойынша халықпен түсінікті тілде сөйлесулері қажет дейді. Әйтпесе, көп науқастар кейде кімге жүгінетіндерін білмейді.

«Маған бір қыз қоңырау шалып, сіздің медициналық қорыңыз бар екенін білемін. Менің науқас әпкеме көмегіңіз қажет. Оған қалай көмектесерімді білмеймін», - деді. Көріп отырғаныңыздай, ол қыз тіпті өзінің проблемасын жеткізіп айта да алмады. Мұндай жағдайда қандай көмек көрсетерінді де білмейсің. Сол себепті ондай адамдарға түсіндіретін кездесулердің көп болғаны дұрыс. Дәрігерлер халыққа түсінікті, қарапайым тілмен жеткізулері керек. Олар емдеудің жаңа әдістерін түсіндіріп, ол аурудың қауіпті емес екенін айтуы қажет. Мәселен, дерматолог дәрігелер көмекке мұқтаж адамдармен кездесіп, емдеу технологияларын көрсетіп берсе, адамдар қиындыққа тап болмайтын еді», - дейді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы