Патологиялық аурулар байқалып жатыр. Күрішбаев Арал теңізінің мәселесін көтерді

23 Маусым 2022, 12:48
2592
Бөлісу:
Патологиялық аурулар байқалып жатыр. Күрішбаев Арал теңізінің мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев  Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында айтты. 

Арал теңзінің тартылып, құрғауы әлемдік деңгейдегі ең ірі апаттық оқиғалардың бірі. Су көлемі бойынша әлемдегі төртінші көлден 60 жыл ішінде 10/1 бөлігі ғана қалып отыр. Қазір теңіздің құрғаған табаны шамамен 6 млн гектарды құрайды. Оның ішінде Өзбекстан аумағында 3,2 млн гектар, қалған 2,8 млн гектары Қазақстан аумағында орналасқан. Осылайша, Қарақұм және Қызылқұм шөлдерін басып, жаңа шөл Аралқұм пайда болып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, құрғаған теңіз түбінен ауаға жылына 150 млн тоннадан астам тұз, шаң мен құм көтеріліп 10 мың шақырымға континенттің басқа аймақтарына тарайды, - деді ол. 

Күрішбаев атағандай, Арал теңізінің түбінде 117 млрд тонна тұз жатыр. 

Арал тұзы мен шаң-тозаңы ауаға көтеріліп, тұзды жауын-шашын түрінде түседі. Нәтижесінде егістік алқаптардың тұздануы, жайылымдық жерлердің тозуы болып жатыр. Мұздықтар мерзімінен бұрын еруіне әкеліп жатыр. Аралға жақын тұратын мекендердің тұрғындарында патологиялық аурулар байқалып жатыр. Осы экологиялық дағдарысты шешуге халықаралық қор мен ғылыми орталықтарды тарту қажет, - деді Күрішбаев. 

Өзгелердің жаңалығы