Пәтер ұрылары қалай жазаланады?

4 Сәуір 2022, 11:24
2984
Бөлісу:
Пәтер ұрылары қалай жазаланады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Сағындық Жантеміров  айтты. 

Пәтер ұрлығы жалпы барлық ұрлықтың 20,5 пайызын құрайды. Келетін шығын шамалы болса да мүлік иесіне айтарлықтай материалдық және моральдық зиян келтіреді. Азаматтардың қауіпсіздігі мен жағдайына кері әсер етеді. Пәтер ұрлығының салдарынан зардап шеккендерді ауыр жағдайға жеткізбеу маңызды міндет. Сондықтан осындай қылмыстардың алдын алуға және ашуға ішкі істер органдары ерекше көңіл бөледі, - деді Жантеміров. 

Оның айтуынша,  2018 және 2019 жылдары Қылмыстық кодекске бірнеше рет ұрлық жасау мен  үй-жайға заңсыз кіру 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ауыр қылмыс түрі ретінде қаралуы енгізілді. 

Алдын алу бойынша қылмыстық жағдайға меншікті қорғау жөніндегі ведомстволық бағдарламаларды іске асыру әсер етеді.Оның аясында тұрғын үйлердің аулаларына 68 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылды, ал 22 мыңы тұрғындардың  бастамасымен жабдықталды. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы