Пәтер иелері тегін консультация ала алады

8 Сәуір 2022, 10:17
1371
Бөлісу:
Пәтер иелері тегін консультация ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Пәтер иелері ОСИ (мүлік иелерінің бірлестігі) немесе жай серіктестіктер құру жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығында тегін кеңес ала алады. Консультация телефон арқылы да, жазбаша түрде де жүзеге асырылады.

Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетерлігі, мамандар тарапынан берілетін кеңес ОСИ мен жай серіктестіктер құру барысында құжаттарды рәсімдеу кезінде қателіктердің алдын алу мақсатында жүргізіледі. 

Бүгінгі таңда Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығының қызметкерлері тұрғындар мен тұрғын үй қатынастары саласындағы реформаны іске асыру жөніндегі жобалық кеңселердің қатысушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы ретте тұрғындар тұрғылықты мекенжайы бойынша жобалық кеңселерге жүгіне алады.

Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарда да консультациялық көмек көрсетіледі. Пәтер иелері қажетті ақпаратпен www.zhkh.kz сайтынан таныса алады. Сонымен бірге азаматтарды автоматты түрде ақпараттандыру үшін @kazcenter_zhkh_bot telegram-бот іске қосылған.  

Анықтама:

Алматы қ., Жароков к-сі, 215, тел. +7701 515 6777, Данияр Қырықбаев

Ақтау қаласы, 4 шағын аудан, қала әкімдігінің ғимараты, тел.+7 7292 33-53-10, Бердібек Кенжебекұлы Қартбаев

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2, тел.+7 (7132) 545925, Ержан Мұздыбайұлы Мұзыбаев

 Атырау қ., Смағұлов к-сі, 52а, тел.: +7 7122 271202, Назаров Ерлан Асылбекұлы

Қостанай қ., Пушкин к-сі, 100 каб. 3; Пушкин көшесі, 98 Аймек консультативтік орталығы, тел. + 77027744221, Асқаров Дәурен Қазизұлы

 Қарағанды қ., Н. Назарбаев даңғ., 39, тел. +7702 112 8074, Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы

 Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі 16, 115-кабинет, тел.+7 7242 60 53 90, Ерлан Жаңабаев

Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 32, 513-каб, тел. +77172 55-18-01, Әнуар Әбдіразақұлы Саипов

 Петропавл қ., "Петропавл қ. тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ, тел. +7(7152) 502315, Ильясов Бахыт

 Талдықорған қаласы, Абай көшесі 241, ТКШ ғимараты, каб. 207, Тел.+7(7282) 24-03-90, +7778 654 9026, Әбілқасымов Бағлан Абылханұлы

 Павлодар қ., Кривенко к-сі, 25, тел.+7 (7182) 320664, +7 701 528 18 63, Ержан Салханов

 Тараз қ., Қарасу ш. а. (5) 24, тел.+7708 757 7750, +7702 115 1255, 54-02-55, Қорғанбаев Құдайберген Нұрсерікұлы

Көкшетау қаласы, Момышұлы көшесі, 21, тел. 8(7162)251926, Данияр Қуанышұлы Қуанышбаев

 Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 Б, тел. + 7701 716 6974, Болатбеков Боранбай

 Орал қаласы, Аманжолов көшесі, 69/1, тел. +7771 687 6111, Асқар Ғабидуллин

 Өскемен қ., Протозанов к-сі, 37/А, тел. +7705 639 9996, Акышов Алмат Талгатович

 "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғырту орталығы" АҚ, Нұр-Сұлтан Қ., Тұран даңғылы 75, Тұрғын үй қатынастарын дамыту департаменті

+ 7 (7172) 999-440 іш. 1264, 1208, 1216

Өзгелердің жаңалығы