Пасханы да, айтты да тойлайтынмын – Людмила

1 Мамыр 2022, 09:05
1692
Бөлісу:
Пасханы да, айтты да тойлайтынмын –  Людмила

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қазақ жігітке тұрмысқа шыққан украин қызы отбасы болғаннан кейінгі қызықтарымен бөлісті. 

Людмила Павловна – украин. 21 жасында қазақ жігітін ұнатып, тұрмысқа шығуға келісім берген. Алайда алғашқыда екі жақтың туыстары да бұл некені қолдамаған екен.

Менің әке-шешем түбегейлі қарсылық білдірмесе де, «асықпа, ойланып көр» деумен болды. Бірақ мен өз таңдауымды жасадым. Ал күйеуімнің туыстары мені басында қабылдамады. Мені «орыс қатын» деп атайтын. Өз араларында орысша сөйлессе де, менімен қазақша сөйлесетін. Тұңғыш қызымыз дүниеге келгенде ғана мені қабылдай бастағанын сездім, – дейді ол.

Людмила тұрмысқа шыққан соң ең қиыны дінмен байланысты дәстүрлерді ұстану болғанын айтады.

Маған мұсылмандық және христиандық мерекелерді қатар тойлау қиын болды. Бірақ үйде пасханы да, Құрбан айтты да атап жүрдік. Кейіннен Исламның жүрегіме жақынырақ екенін түсініп, мұсылмандықты қабылдадым, – дейді Людмила. 

Өзгелердің жаңалығы