Партияның мәні мен мазмұны да өзгереді – Күрішбаев

1 Наурыз 2022, 20:35
1817
Бөлісу:
Партияның мәні мен мазмұны да өзгереді – Күрішбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Ақылбек Күрішбаев Nur Otan атауының өзгеруіне байланысты пікірін білдірді.

Бүгін партияның атауы ғана өзгерген жоқ, ең бастысы, оның мәні мен жұмысының мазмұны да өзгермек.

Әйтпесе, басқаша болмайды! Біз елімізде жүйелік саяси трансформация жүріп жатқанын, олигархтардың экономикасы құлдырап жатқанын түсінуіміз қажет, ең бастысы, біз нақ халықтың өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзіне айналатын әділ демократиялық қоғамды құруға бет аламыз.

Бұл жағдайда биліктегі партия қалайша өзгеріссіз қалмақ?! "Аманат" деген атаудың өзі - ата-бабалар мұрасын сақтап, оның құндылықтарын орындау дегенді ғана білдірмейді, халықтың үмітін ақтап, мүддесін қызғыштай қорғайды. Сондықтан, ең алдымен, бұл жаңарған партия халықтың сенімін қайтара алуы тиіс.

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев айтқандай: «Партияның ребрендингі – бұл оның атауын өзгертіп, маңдайшасын ауыстыру ғана емес. Бірінші кезекте - барлық партия ісін қайта құру», - деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы