Партиялық емес байқау орталығы мәлімдеме жасады

6 Маусым 2022, 16:10
1666
Бөлісу:
Партиялық емес байқау орталығы мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі референдумға қатысты мәлімдеме жасады.

Референдум - бұл біздің еліміздің тарихындағы маңызды сәт. Партиялық емес байқау орталығы референдумның әділ, ашық негізде өтуіне атсалысты. Біздің ең маңызды міндетіміз - азаматтардың ерік бостандығын бұзуға жол бермеу,-деп атап өтті Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов.

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің байқаушылары еліміз бойынша 10 мыңға жуық дауыс беру учаскесін қамтыды. Орталықтың 20 мыңға жуық байқаушысы республиканың барлық облысында жұмыс істеп, ең шалғай референдум учаскелерін қадағалады.

Байқау жұмыстары таңғы сағат 6-дан басталды. Сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге арналған учаскелердің көпшілігі уақытында ашылды, олар барлық қажетті материалдармен жабдықталды, стационарлық және тасымалданатын жәшіктер пломбаланды, үгіт материалдары анықталған жоқ, жалпы процесс оң бағаланды, барлық азаматтар дауыс беруге қатысуға тең қол жеткізді. Электораттың жоғары келуін атап өткім келеді, дауыс беруші азаматтар жоғары көңіл-күймен және жағымды эмоциялармен дауыс беруге келді, - деп мәлімдеді Төлеген Күнәділов.

Ол байқаушылар пулын қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін атап өтті. 

Орталық пен оның филиалдары өз байқаушылары үшін оқыту іс-шараларын өткізді. Мысалы, республикалық деңгейде 10, аймақтық деңгейде 300-ге жуық офлайн және онлайн семинарлар өткізілді. Оның барысында байқаушылар дауыс беру үрдісімен танысты, соның ішінде қоғамдық байқау үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін үздік әлемдік стандарттар шеңберінде оқыту жүргізілді. Біз дауыс берудің күрделілігін түсінеміз, сондықтан осы үрдіске қатысты заңнамалардың ерекшеліктерін білетін және байқаушы ретінде өз құқықтары мен міндеттерін нақты түсінетін тәжірибелі, жауапты адамдарға сүйенеміз. Тіпті, олардың қатарында 1995 жылғы референдумге қатысқандары да бар.  Бұл дауыс беру үрдісін объективті және әділ бағалауға мүмкіндік береді, - деп толықтырды орталық төрағасы.

Күнәділов бастысы азаматтарюың конституциялық құқығын қамтамасыз ету екенін айтты.

Біз алдағы уақытта азаматтық қоғамның мүдделері толықтай сақталуына үміттенеміз. Байқауға азаматтық қоғам өкілдері неғұрлым көп қатысса, біздің азаматтарымыздың мүдделері қоғам мен заңмен қорғалады. Ең бастысы - адамның таңдау еркіндігіне конституциялық құқығын қамтамасыз ету, - деп нақтылады Төлеген Күнәділов.

Өзгелердің жаңалығы