Басты басымдық – халықтың әл-ауқатын арттыру – Тоқаев

15 Қаңтар 2021, 10:15
1787
Бөлісу:
Басты басымдық – халықтың әл-ауқатын арттыру – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті бірінші сессиясының ашылу барысында айтты. 

Президент сайлаудың сәтті аяқталуымен құттықтап, Парламенттің жаңа шақырылымының депутаттарына сәттілік тіледі. 

Бұл осыған дейінгі V шақырылым депуттарын қоса алғанда да көп. 5 жылға жуық уақытта Парламент қабырғасында 410 заң қабылданды. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындады. Жаңа депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, анағұрлым жұмыс істеуі керек, - деді Тоқаев. 

Президент бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп отырғанын айтты.

Құрамы жаңарған Мәжілістің жаңа шақырылымы екі оқиғамен тұспа-тұс келеді. Біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қадам бастық. Қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмі ширек ғасырлық белеске жетті, – деді ол. 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан қоғамының жоғары саяси мәдениетінің және азаматтық кемелдігін танытты.
Дауыс беру нәтижесі халқымыз мемлекеттің стратегиясын қолдайтынын көрсетті. Біз болашаққа сеніммен бет алу үшін қажетті алғышартты бірге жасадық. Саяси ұстанымымыз әртүрлі болса да, міндетіміз біреу. Бәріміздің ортақ мақсатымыз Қазақстанды қуатты елге айналдыру, - деді ол.  

Президент атағандай, Елбасы жетекшілік ететін Nur Otan партиясы беделін тағы бір көрсетті. 

Ел-жұртымыз егемендігіміздің төртінші қадам басар тұста бұрын болмаған сынмен бетпе-бет келіп отыр. Біз ғана емес, күллі дүниежүзі жаңа дәуірге бет бұрды. Өркениеттің даму жолымен әлемдік құрылымның түп негізі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Алдымызда сын-қатерлер аз болмайды. Барлығымыздың ең басты міндетіміз – пандемия салдарын еңсеру. 21 ғасырдың 21 жылы барша адамзат үшін үлкен кезеңге айналмақ. Бұл жыл алдағы 10 жылдықтың басты бағдарын айқындайды. Мұндай кезеңде уақыттан ұтылуға болмайды. Мұндай жағдайда босаңсуға болмайды. Осы қарқынды сақтап, бағдарымыздан жаңылмау өте маңызды. Басты басымдық – халықтың әл-ауқатын жақсартып, тұрмыс сапасын арттыру. Жыл жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді, - деді Президент. 

Айта кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 қаңтар күні жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Өзгелердің жаңалығы