Әзірге Парламент сайлауына қатысты тактикамды айтпаймын – Қосанов

10 Қыркүйек 2019, 17:47
1776
Бөлісу:
Әзірге Парламент сайлауына қатысты тактикамды айтпаймын – Қосанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Бүгін мәжілісте әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасының таныстырылды.

Заң жобасын талқылауға қоғам өкілдері ретінде қатысқан саясаткер Әміржан Қосанов отырыстан кейін тілшілердің бірнеше сауалына жауап берді.

«Қазақта:  "арық айтып, семіз шық" дейді. Саяси стратегия бар, тактика бар. Парламенттік сайлау 2021 жылы міндетті түрде болу керек. Сондықтан менің әріптестерім, президенттік сайлау кезінде тапқан қанаттастарым бар. Солармен ақылдасамын. Әзірге тактикамды айта алмаймын», - дейді Әміржан Қосанов.

Ол сондай-ақ сайлау кезінде көптеген қанаттас тапқанын айтты. 

«Сайлау кезінде көптеген қанаттас таптым. Әрине, 10 маусым күні сайлауды мойындағаныма ренжіген, ашуланған азаматтар бар.  Мен оларға түсіндіріп жатырмын. Мойындамағанымда қан төгіс болар еді.  Екінші Жаңаөзен болмасын деп осылай істедім. Оны түсінгендер мені қолдап жүр. Дұрыс шешім қабылдадым деп санаймын. Қызды-қыздымен халықты көшеге алып шыққанымда, біреудің басы жарылып, тағы бірі басқаша жарақат алар еді. Халықтың қарғысына қалғым келмеді», - дейді саясаткер.

Өзгелердің жаңалығы