Парламент Мәжілісінің депутаты Паяев өкілеттігін тоқтатты

26 Қазан 2022, 09:16
2151
Бөлісу:
Парламент Мәжілісінің депутаты Паяев өкілеттігін тоқтатты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Паяев Айбек Минаимбекұлының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді. Бұл туралы ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Паяев Айбек Минаимбекұлы міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституциясының 52 бабы, ҚР Парламенті және депутаттардың мәртебесі туралы ҚР Конституциясының 24 бабы 3 және 8 тармақтарына сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаты Айбек Минаимбекұлы Паяевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Өтемісов Мәжілістің жалпы отырысында.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Айбек Паяев БАҚ өкілдеріне мәжілістен кету себебі отбасылық  жағдайына байланысты екенін түсіндірді.  

Сайлаудан соң Парламент тарайды ғой. Жанұяма байланысты шығып, өз тірліктерімді істеп, әрине, келешекте халықтың, президенттің атынан сенім білдірілсе, мемлекетке қызмет жасауға дайынмын, - деді депутат

Еске сала кетейік, Айбек Паяев 2021 жылғы қаңтардан бастап VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. «Қазақстан халық партиясының» тізімі бойынша сайланған.

 

Өзгелердің жаңалығы