Париж көшелері бұршақтан көрінбей қалды, ал нөсер жауыннан метро станцияларын да су басқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Желдің жылдамдығы сағатына 90 шақырымға дейін жетіп, температура небәрі 15 минут ішінде 27°C-тан 15°C-қа дейін күрт төмендеді.
Куәгерлер табиғаттың тосын мінезінің салдарын әлеуметтік желіде бөлісуде. Париж тұрғындарының айтуынша, бұршақтан автокөліктерге айтарлықтай зиян келтірген. Олардың сөзіне қарағанда, бұршақ диаметрі 2-3 см-ге дейін жеткен.
Әзірге жергілікті билік табиғи апаттың зардаптарын әлі толық бағалаған жоқ.