Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында туды кім ұстайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілі министрге "Париж Олимпиадасының салтанатты ашулы рәсімінде Қазақстан туын спортшылардан кім ұстайды? Үміткерлер бар ма?" деп сұрады.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев былай деп жауап берді:
Үміткерлер бар. Біріншіден, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Асланбек Шымбергенов (71 келі). Екіншіден, қыз спортшы бар. Бірақ оның аты әзірге белгісіз. Лицензиялық турнирлер енді бітеді, содан кейін оның атын айтамыз, - деді Маржықпаев.
Оқи отырыңыз: