Париж Олимпиадасында ауыр атлетикадан медаль саны қысқарады

8 Желтоқсан 2020, 21:35
2153
Бөлісу:
Париж Олимпиадасында ауыр атлетикадан медаль саны қысқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ауыр атлетика бағдарламасын қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ХОК-тің спорттық директоры Кит Макконнелл мәлімдеді, деп жазды olympic.kz. 

ХОК 2024 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасынан ауыр атлетиканы алып тастайтынын айтқан болатын. Зілтеміршілердің допинг-сынамалары оң нәтиже көрсетіп, Халықаралық ауыр атлетика федерациясындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері өршіген соң ХОК осындай қадамға барған. 

Осыдан соң IWF-ті 20 жыл басқарған венгриялық Тамаш Аян қызметінен кетуге мәжбүр болды. 

Рио Олимпиадасында ауыр атлетика бөлінген квота саны 260 болатын. Токио ойындарында 196-ға азайды. Ал Парижде зілтеміршілерге арналған квота 120 болмақ. Сондай-ақ, Париж Олимпиадасында ауыр атлетикадан жүлдегер жиынтығы азайтылады. Бұрынғыдай 14 емес, 10-ға төмендейді. Ерлер мен әйелдер арасында екі салмақ дәрежесінің алынатынын хабарлаймыз. Бірақ ХОК Париждегі ойындарда ауыр атлетика додасының өту-өтпеуін әлі нақтылаған жоқ, - дейді ХОК спорттық директоры Макконнелл.   

Өзгелердің жаңалығы