Қазақстан теннис федерациясы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін теннис құрамасы анықталғандығын мәлімдеді. Париждегі жазғы Олимпиадада елімізге 5 жолдама берілгені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осылайша, биыл Олимпиадалық теннис жарыстарында Қазақстанның намысын Астана қаласының төрт спортшысы қорғайтын болады. Атап айтқанда жекелей сында елордалық Елена Рыбакина (рейтингте 4-орын), Юлия Путинцева (34-орын), Александр Бублик (23-орын) және Александр Недовесов жұптық сында Александр Бубликпен ел намысын қорғайтын болады.