Париж-2024: Елдос Сметов дзюдодан ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы

Бөлісу:
Париж-2024: Елдос Сметов дзюдодан ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы

Париж Олимпиадасындағы алғашқы алтын жүлде қоржынға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елдос Сметов дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада Чемпионы болды

60 келі салмақта белдескен қазақстандық спортшы финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидзені жеңіп, спорттық мансабындағы үшінші олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Елдос 2016 жылы күміс, 2020 жылы қола жүлде еншілеген еді.

Елдосты және барлық қазақ халқын көптен күткен алтын жүлдемен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс құтты болсын!

 

Өзгелердің жаңалығы