Паражүзушілеріміз Минскіде 43 медаль жеңіп алды

28 Қаңтар 2020, 02:44
1185
Бөлісу:
Паражүзушілеріміз Минскіде 43 медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 25-26 қаңтар аралығында Минск қаласында жүзуден көру қабілеті төмен және тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедектер арасындағы Беларусь Республикасының ашық чемпионаты өтті.

Чемпионат Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында ұйымдастырылды. Оған әлемнің 7 мемлекетінен (Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Украина, Литва, Молдова және Беларусь) 150-ден аса спортшы қатысты.

Қазақстан Республикасының намысын Ұлттық паралимпиадалық құрама командасының 15 жүзушісі қорғады. Спортшыларымыз жалпы 43 медаль ұтып алды: 21 – "алтын", 13 – "күміс" және 9 – "қола".

Спортшылардың көрсеткен нәтижелері (IPC) Халықаралық паралимпиада комитетінің 2020 жылғы әлемдік рейтингісіне енгізіледі.
 

Өзгелердің жаңалығы