Паратеннистен алғаш рет Қазақстан чемпионаты өтті

22 Қыркүйек 2022, 00:15
1293
Бөлісу:
Паратеннистен алғаш рет Қазақстан чемпионаты өтті

Алматы қаласында паралимпиалық теннистен бірінші рет Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ел біріншілігіне Ақтөбе, Ақтау, Орал, Қарағанды, Астана және Алматы қалаларынан 40-тан астам спортшы қатысты.

Чемпионаттың ашылу рәсімінде Қазақстан теннис федерациясының (ҚТФ) атқарушы директоры Дейв Майлиге Ұлттық паралимпиалық комитеттен ҚТФ-ны арбадағы теннис бойынша спорттық федерация деп тану туралы сертификат тапсырылды.

Жарыс төрт жас ерекшелігіне қарай өткізіліп, мына спортшылар жүлдеге ілікті:

Ерлер 16+:

1.Дастан Ниязов (Ақтөбе)

2.Федор Старыгин (Қарағанды)

3.Евгений Быков (Қарағанды).

Қыздар 16+:

1.Айшуақ Жетпейісова (Қарағанды)

2.Айгүл Бердішева (Ақтөбе)

3.Әсел Асаубаева (Қарағанды).

Бозбалалар 14-15 жас:

1.Мадияр Байкенов (Ақтөбе)

2.Тұрарбек Марат (Орал)

3.Назар Трофимов (Ақтау).

Балалар 7-8 жас:

1.Иван Соловьев (Алматы)

2.Холид Рустамов (Астана).

Сондай-ақ астаналық Дінмұхамед Әлиакпаров «Үздік техникасы үшін», оралдық Альбина Бекжанова мен ақтөбелік Евгений Еделев «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен марапатталды.

«Арбадағы теннис әлемде кеңінен танымал. Уимблдон, АҚШ, Аустралия, Франция ашық чемпионаттары секілді «Үлкен дулыға» турнирлері бар. Өз жұлдыздары да аз емес. Қазақстандық спортшылар солардың қатарына қосылатынына сенемін. Ең бастысы, аянбай тер төгу керек. Турнир қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, алдағы жылы Қытайда өтетін халықаралық жарысқа алғаш рет қатысады», деді Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Дейв Майли.

Өзгелердің жаңалығы