Параспорттың қос чемпионы өз таңдауын жасады

19 Наурыз 2023, 10:16
757
Бөлісу:
Параспорттың қос чемпионы өз таңдауын жасады
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысы Келес ауданында спорт өкілдері де келіп өз таңдауларын жасады. Даурен Нарбеков пен Темірбек Тоғанбай параспорт чемпиондары. Сайлаушы спортшылар Алпамыс батыр ауылындағы №349 сайлау учаскесіне тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің осы аймақтағы тілшісі. 

Келес ауданының мақтанышына айналған қос әлем чемпионы сайлау туралы бір ауыз пікірін білдірді. 

Бүгінгі өтіп жатқан сайлауға келіп дауыс беруді жөн санадық. Өйткені Жаңа Қазақстанға ел ертеңіне бей-жай қарамайтын, жанашыр, жаңаша ойлы азаматтар керек. Өзіміз таңдаған үміткерді осы айтылғандарға лайық деп санағандықтан, арнайы келіп дауыс беріп отырмыз. Сонымен қатар барлықтарыңызды алда келе жатқан ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Сайлау әділ өтіп, әрбір үміткер өзіне лайықты орнын алсын, елімізде тыныштық пен бірлігіміз арта берсін, молшылық болсын, - деді 

Параспорттың қос чемпионы өз таңдауын жасады

Әлем чемпионы Даурен Нарбеков жеңіл атлетиканың түрлерінен атап айтқанда, 2000 қашықтыққа жүгіруден, ұзындыққа секіруден, найза лақтырудан хас шебер атанған.  Екінші чемпион Темірбек Тоғанбай Португалияда өткен әлемдік жарыста дискі лақтырудан, 100 метр қашықтыққа жүгіруден қола жүлдегер атанып, ел мерейін өсірді.   

Қос чемпионға дауыс беруге келгендері үшін сайлау учаскесінің өкілдері сыйлық беріп, алғыстарын жеткізді. 

Өзгелердің жаңалығы