Параспортшылар Манчестерде 5 медаль жеңіп алды

24 Ақпан 2020, 19:45
1330
Бөлісу:
Параспортшылар Манчестерде 5 медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 20-23 ақпан аралығында Манчестерде пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы өтті. 

Оған әлемнің 25 мемлекетінен 120-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының намысын Ұлттық паралимпиадалық құрама командасының 6 спортшысы қорғады. Олар жалпы 5 медаль ұтып алды: 3 – "алтын" және 2 – "күміс".

Гүлім Құрманбаева (45 кг дейін) – ересектер арасында "алтын";
Ерболат Кәрібай (49 кг дейін) – юниорлар арасынла "күміс";
Захар Буймов (54 кг дейін) – юниорлар арасынла "алтын", ересектер арасында "күміс";
Максим Тен (59 кг дейін) – юниорлар арасында "алтын".

Келесі кезекте Паралимпиадаға лицензия ойнатылатын пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы (Fazza-11) "Токио жолы 2020". Жарыс сәуір айында Дубайда өтеді.

Өзгелердің жаңалығы