Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Флорида штатының Титусвилл қаласының тұрғыны аспаннан қатты жылдамдықпен төмен қарай түсіп келе жатқан екі парашютшыны көреді.
Бейнежазбаның авторы олардың шоу бағдарлама үшін аса қауіпті трюктер жасап жатыр деп ойлаған. Алайда, шын мәнінде парашютшылар өлім аузынан қалған екен, деп хабарлайды CCN сайты.
Кристина Ренфро бұл кезде итін серуендетіп жүрген екен.
Олар аспаннан аса қатты жылдамдықпен төмен қарай құлдилап келе жатты. Шамамен 20-30 секундтай арлы-берлі теңселіп тұрды. Біраздан соң парашютшылардың бірі өзінің екінші парашутын ашты, - деді Кристина.Қуанышқа орай, екеуі де ағашқа қыстырылып қалып, өлім аузынан қалған. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегушілердің жарақаты ауыр емес, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Болған оқиғаны Титусвилла полицейлері толығымен зерттеуде.