«Парасатты отбасы-2021» байқауының жеңімпаздары марапатталды

15 Қазан 2021, 17:16
2504
Бөлісу:
«Парасатты отбасы-2021» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Облыс әкімдігінің білім басқармасының бірлесіп  ұйымдастыруымен облыстық «Парасатты отбасы-2021» байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсіміне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Д.Кәрібек, ҚР Сыбайлас жемқорлыққ қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, қоғам өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.  

Іс-шараның мақсаты – қоғамның негізі болып табылатын отбасылық құндылықтарды кеңінен дәріптеу, жанұя мүшелері арасында бауырмалдық, қайырымдылық, ізгілік қарым-қатынастарды қалыптастыру, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, қазіргі заманғы отбасының парасаттылық мәдениетін дамытудың тиімді тәжірибесін тарату. 

Байқаудың аудандық (қалалық) кезеңдеріне 11413 отбасы қатысып, өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде жарияланды. 

Облыстық байқауға 112 отбасы қатыстырылып, үздік деп танылған 19 отбасы 10 номинация бойынша жеңімпаз атанды.

 Үкіметтік емес ұйымдардан, Нұр-Отан партиясынан, ғалымдардан, ардагер ұстаздардан, қоғам қайраткерлерінен құрылған байқаудың қазылар алқасы қатысушы отбасылардың еңбектегі, оқудағы жетістіктері мен жанұядағы әдет-ғұрып, тәлім-тәрбие, құқықтық мәдениетті көтеруге қаншалықты мән беріп, бос уақыттарын қалай өткізетіндігі жайында ұсынылған пайдалы да өнегелі материалдарын сараптады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған отбасылар: 

«Парасатты  отбасы» номинациясы бойынша:

Исаевтар отбасы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясы;

«Жомарт отбасы» номинациясы бойынша:

Нағашыбаевтар отбасы, Байзақ ауданы, Ақшолақ орта мектебі;

Досымовтар отбасы, Жамбыл ауданы, Қ.Сартбаев орта мектебі;

Төлмағамбетовтер отбасы, Сарысу ауданы, Б.Қашықынбаев орта мектебі;

«Ең салауатты отбасы» номинациясы бойынша:

Сиязбаевтар отбасы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебі;

Бекзадаевтар отбасы, Жамбыл ауданы, Айша  бибі орта мектебі;

Хусайновтар отбасы, Сарысу ауданы, Ш.Уалиханов мектеп-гимназиясы;

«Интеллектуалды  отбасы» номинациясы бойынша:

Ерғалиевтер  отбасы, Жамбыл ауданы, Б.Кейкиев орта мектебі;

Меркібековтер отбасы, Меркі ауданы, №17 мектеп-гимназиясы;

«Шеберлер  отбасы» номинациясы бойынша:

Майнашевтар  отбасы, Жамбыл ауданы, Б.Тайшапов орта  мектебі;

Нәшентаевтар отбасы, Сарысу ауданы, Әйтеке би орта  мектебі;

«Өндірістегі  үздік  отбасы» номинациясы бойынша:

Әбубакировтар отбасы, Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек орта  мектебі;

Қыдырбаевтар отбасы, Тараз қаласы, №16 орта мектебі;

«Шығармашыл отбасы» номинациясы бойынша:

Балтабаевтар отбасы, Жамбыл ауданы, Айша  бибі орта мектебі;

Ибәділда отбасы, Тараз қаласы, №53 мектеп-гимназиясы;

«Өнерлі отбасы» номинациясы бойынша:

Орғановтар отбасы, Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев мектеп-гимназиясы;

Ергешовтар отбасы, Сарысу ауданы, М.Әуезов мектеп-гимназиясы;

«Үздік оқырман отбасы» номинациясы бойынша:

Бринж-Огылылар отбасы, Тараз қаласы, №2 орта мектебі;

«Көптілді отбасы» номинациясы бойынша:

Айтжан-Бабаевтар отбасы, Тараз қаласы, №6 орта мектебі.

Байқаудың қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаз отбасылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздар атанған отбасылардан «парасаттылық елшілері» лекторлар пулы қалыптасатын болады. Олар ерікті түрде қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға, әдептілікті дамытуға бағытталған дәрістер мен тренингтерге лекторлар ретінде шақырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы