Парижде өтіп жатқан Паралимпия ойындарында R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл - Париж Паралимпиадасында ел қоржынына түскен алғашқы медаль.
Әйелдер арасында өнер көрсеткен Севда Әлиева SH1 санатында 10 метрге пневматикалық тапаншадан нысана көздеуде 13-орынға ие болды.
Пара жеңіл атлетика: Гүлбақыт Қайыржанова найза лақтыруда (F13 санаты) 34.23 метр нәтижесімен бесінші орынға тұрақтады.
Волейболды отырып ойнау: Қазақстан ұлттық құрамасы топтық кезеңдегі екінші матчын Паралимпиаданың үш дүркін жеңімпазы, Токиода қола алған Босния және Герцеговина құрамасымен өткізіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Пара таэквондо: 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 классында күрескен Нұрлан Домбаев қола медаль үшін жекпе-жекте оңтүстік кореялық спортшы Джу Джонхунға (Joo Jeonghun) 7:1 есебімен жеңіліп қаоды.
Нышан Өмірәлі К44 +80 кг салмақтағы қола үшін тартыста ирандық Хамед Хагшенасқа (Hamed Haghshenas) 9:16 есебімен жеңілді.