Паралимпиадашылар елге оралды

14 Наурыз 2022, 23:30
1540
Бөлісу:
Паралимпиадашылар елге оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел үмітін ақтап, халықты қуантқым келді. Паралимпиаданың қола жүлдегері Алекесандр Герлиц осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бүгін Қазақстан паралимпиада құрамасы Бейжіңнен оралды. Спортшыларды елорда әуежайында достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Қысқы ойындарға 5 спортшымыз аттанған. Бұйырғаны бір қола медаль. Герлиц 10 шақырымдық пара-биатлонда үздік үштікті түйіндеді. Солтүстікқазақстандық спортшы артынша 12 шақырымдық сынға да қатысып, 5-орынға тұрақтады. 

Ал жарыстың соңғы күндері парашаңғыда тағы 2 рет 5-тіктен табылды. Бұдан бөлек, Қазақстан командалық шаңғы эстафетасында бесінші орын алды. Бұл сында Александр Герлиц пен Ербол Хамитов жарысқа шықты. 1 қоланың арқасында ұлттық құрама жалпы есепте 17-орын алды. 

Біздің ел спортшылардан жеңіс күтеді. Жанкүйерлік танытады. Осы үміттерді ақтағаныма қуаныштымын. Әрине әр спортшы чемпион болуды армандайды. Бірақ бұл жолы қола бұйырды. Жеткен жетістікке тоқмейілсімейміз. Алдағы уақытта осы қарқыннан таймай, жеңіс жолын жалғастыруға тырысамыз, – деді Паралимпиада ойындарының жүлдегері Александр Герлиц.

Өзгелердің жаңалығы