Паралимпиада ойындары. Милана Красавцева ширек финалға өтті

Бүгiн, 14:14
287
Бөлісу:
Паралимпиада ойындары. Милана Красавцева ширек финалға өтті
Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Қазақстан Паралимпия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Милана Красавцева ширек финалға өтті. 

Пара таеквондодан 52 кг салмақ дәрежесіндегі (К44 класс) Милана Красавцева іріктеу кезеңінде Доминикан Республикасының спортшысы Геральдо Диаспен кездесті. Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен тең аяқталды. 

Қосымша раундта Милана 10:8 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. 

Келесі кезеңде біздің спортшы мексикалық Джессика Гарсия Куиджаномен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы