Паралимпиада ойындары: Ел құрамасында 33 жолдама бар

Бүгiн, 17:03
231
Бөлісу:
Паралимпиада ойындары: Ел құрамасында 33 жолдама бар
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Паралимпиада ойындарының басталуына 9 күн қалды. Ел құрамасы жолдама алудан рекордтық көрсеткішке ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тамыздың 28-і күні Франция астанасы Парижде Паралимпиада ойындары басталады. Бұл додаға еліміздің атынан 44 спортшы қатысады.

Париж-2024 ойындары Қазақстан тарихындағы сегізінші Паралимпиада. 

Алғаш рет 1996 жылы қатысты. Атлантаға 12 спортшы, 2000 жылы Сиднейде 2, 2004 жылы Афины қаласында 8 , 2008 жылы Пекинде 3 спортшы, 2012 жылы Лондонда 7 спортшы, 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында 11 спортшы және 2021 жылы Токиода 27 спортшы қатысты.

Жалпы Паралимпиада бойынша қоржынымызда 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль бар.

Осы және өзге ақпараттарды Паралимпиада күнделігі жобасынан көре аласыздар!

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы