Бүгін, 30 тамызда Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар екі сайыс түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл күні пара таеквондодан Камила Досмалова (57 келі) Джульетта Мойпо (Кения) - Мария Мицев (Сербия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал пара жеңіл атлетикадан Салтанат Әбілқасымқызы (100 метр жүгіру) сынға түседі.
Айта кетсек, 29 тамызда пара волейболдан Қазақстан құрамасы Францияны 3:0 есебімен жеңді.
Енді олар ертең, 31 тамызда Астана уақытымен 17:00-де Босниямен шеберлік байқасады.