Паралимпиада-2024: Қола медальға таласқан екі отандасымыз қарсыластарына есе жіберді

Бөлісу:
Паралимпиада-2024: Қола медальға таласқан екі отандасымыз қарсыластарына есе жіберді
Фото: gov.kz

Пара таеквондодан 80 келіге дейінгі салмақта Нұрлан Домбай, 80 келіден аса салмақта Нышан Өмірәлі қола медальға таласып, екеуі де қарсыластарына жол берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нышан Өмірәлі (+80 кг) К44 қола үшін тартыста ирандық Хамед Хагшенасқа (Hamed Haghshenas) 9:16 есебімен жеңілді.

Бұған дейін ширек финалда Нышан америкалық спортшы Эван Медельмен кездесіп, 3:5 есебімен жеңіліс тапты.Жұбаныш жекпе-жегінде Нышан хорватиялық спортшы Иван Микуличті 13:3 есебімен жеңген болатын.

Осылайша, Нышан Өмірәлі Париж Паралимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады.

 

Өзгелердің жаңалығы