Паралимпиада-2024: Қазақстан қоржынына күміс медаль түсті

Бөлісу:
Паралимпиада-2024: Қазақстан қоржынына күміс медаль түсті
Фото: gov.kz

Паралимпиада ойындарында ел қоржына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Парижде қазақстандық мерген Еркін Ғаббасов күміс медаль жеңіп алды.

Финалда R1 класында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды.

Алтын медальді 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.

Өзгелердің жаңалығы