Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиода Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Нұрлан Домбаев пара таэквондодан финалға өте алмады. Енді спортшымыз қола медаль үшін өнер көрсетеді.
Жартылай финалда спортшымыз ирандық пара таэквондошы Махди Пуррахнамамен кездесті. Ол қарсыласынан 6:24 есебімен жеңілді.
Енді спортшымыз қола үшін таласады.
Финалдық жекпе-жектер Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.
Қазақстандық Нұрлан Домбаев жартылай финалда пара таэеквондодан ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта аргентиналық Хуан Самораны 27:25 (15:11, 6: 5, 4: 9, 2: 0) ұпайымен жеңген болатын.
Айта кетсек, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Домбаев Қазақстан құрамасының туын көтеріп шыққан болатын.
Еске сала кетсек, бұған дейін Давид Дегтярёв алтын алып, жүлдегер атанды. Ал татамиде өнер көрсеткен парадзюдошыларымыз Әнуар Сариев пен Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина Олимпиаданың күміс медалін, ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды.
Жалпы есеп бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс және бір қола медаль бар.