Парагвайлық спортшы матч кезінде Мессиге түкірді

13 Қазан 2023, 16:12
676
Бөлісу:
Парагвайлық спортшы матч кезінде Мессиге түкірді
Фото: Fabio Ferrari\Zuma\TASS

Парагвай құрамасының шабуылшысы Антонио Санабрия аргентиналық құраманың капитаны Лионель Мессиге түкірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келеңсіз оқиға Буэнос-Айресте 2026 жылғы Әлем чемпионатына квалификация шеңберінде өткізілген матчтың 84-минутында болды.

Алдымен футболшылар сөзге келіп қалады, кейіннен парагвайлық спортшы кетіп бара жатқан Мессидің артынан түкіреді. Судьялар болған жайтқа аса мән бермеді.

Спорттық шара 1:0 есебімен Аргентинаның пайдасына аяқталды. Месси алаңға ойынның екінші жартысында ғана шыққан болатын.

«Лента.ру» мәлім еткендей, Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Жалпы 48 команда қатысады деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы