Пара ретінде Toyota Camry алды деген күдікпен директор қамалды

24 Мамыр 2019, 14:23
3048
Бөлісу:
Пара ретінде  Toyota Camry алды деген күдікпен директор қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин айтты.


«2016 жылы Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметін атқарған бұрынғы басшысы «Тойота-Камри»маркалы автокөлігін пара ретінде алды деген күдікке ілінді. Автокөліктің құны 9 млн теңгеден асады. Ол білім беру жүйесіндегі мемлекеттік сатып алуға байланысты белсенділік танытып, параға осы көлікті алған. Қазіргі кезде  пара заттар тәркіленіп, күдікті ұсталды», - деді Арман Бердалин.

Оның айтуынша, пара алу туралы жиналған деректерді ескере отырып және алынған өтінім негізінде сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген түрде жүргізіледі.

Сондай-ақ осыған ұқсас іс-әрекеті үшін 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін орталық басқарған директор да күдікті деп танылып, қамауға алынған.

«Ол 2017-2018 жылдары делдал арқылы жүйелі түрде ірі көлемде пара алып отырған.  Ұлттық тестілеу орталығының бас директорына қатысты алдын ала тергеу жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, аталған адамдардың кінәсінің дәрежесі сотпен белгіленеді », - деді Арман Бердалин.


Өзгелердің жаңалығы