Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әрбір бесінші қазақстандық арандатушылық жағдайында пара бермеуге өз үлесін қосуға дайын екенін айтқан.
Алайда, халықтың 10%-ы өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға қатысқысы келмейтінін жеткізген. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте өткен баспасөз брифингінде белгілі болды.
Халықтың жартысынан көбі (60,4%) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға қатысуға дайын. Олардың 39%-ы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттауға және белсенді түрде үлес қосуға дайын. Әрбір бесінші қазақстандық өзінің азаматтықты көрсетіп, арандатушылық жағдайында пара бермеуге өз үлесін қосуға дайын екенін атап өтті. Ал халықтың 10%-дан азы өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға қатысқысы келмейтіндерін айтты, - дейді "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының маманы Әлия Оразғалиева.
Бұл орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа халықты тартудың рөлі өте маңызды екенін айтып өткен жөн.
Осыған байланысты белсенділік әлеуетін анықтау үшін зерттеу орталығы жалпыұлттық сауалнама кезінде респонденттерге арнайы сұрақтар қойған.
Еске сала кетейік, сауалнама "Talap.Опросы" мобильді қосымшасы арқылы толтырған.