20 мамыр күні Папуа – Жаңа Гвинея жағалауында магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сейсмологиялық мәліметтерге сәйкес, зілзаланың эпицентрі Ангорам қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 94 шақырым жерде орналасқан. Бұл елді мекенде шамамен 1 600 адам тұрады. Жерасты дүмпулерінің ошағы Вевак қаласының маңында, 25 шақырым тереңдікте болды.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе инфрақұрылымның бұзылуы туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін, 17 мамыр күні Перудің орталық бөлігінде, Аякучо аймағының оңтүстігінде 5,9 баллдық жер сілкінісі болған еді.