Пандемиямен күрес – мемлекеттік басқару тиімділігін сынайтын әлемдік тест

8 Сәуір 2020, 15:38
1849
Бөлісу:
Пандемиямен күрес – мемлекеттік басқару тиімділігін сынайтын әлемдік тест

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Вирустың таралуы және Төтенше жағдай режимін енгізу көптеген елдерде мемлекеттік басқару органдарының тиімділігі мәселелерін қайта өзектендіреді және оларды жаңа деңгейге шығарады.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімнің ғылыми қызметкері Айдана Акесина Елбасының "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты мақаласына қатысты пікірінде айтты.

ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты мақаласында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар белгіленген барлық мақсаттарды ұтымды әрі үнемді жүзеге асыруы тиіс екенін атап өтті: "Әрбір министрге, облыстың, қаланың және ауданның әрбір басшысына - жүйелі, тәртіпті, жоспарлы және батыл әрекет ете отырып, қалыптасқан жағдайдан шығу үшін барлық күштерді жұмылдыру міндеті жүктелген". Пандемия жағдайындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмысы жоғары әлеуметтік және экономикалық тәуекелдермен байланысты. Дағдарысқа қарсы іс-шараларға тартылған әрбір қызметкердің тиімділігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауда және дағдарыстың салдарын барынша азайтуда зор маңызға ие болатын кезең басталды – дейді ол.

Оның ойынша індетпен күресте белсенділік таныта алмаған атқамінерлерді үлкен жауапкершілік күтіп тұр.

Бүгіннің өзінде аймақтардың, министрліктер мен ведомстволардың басшылары туындаған сын-қатерлердің алдында өз өкілеттігін мерзімінен бұрын қалай тапсырғанын, сондай-ақ коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі шаралардың жеткіліксіздігі үшін қарқынды сынға ұшырайтынын байқауға болады. Бұндай жағдайлар Ресей Федерациясында, Румынияда, Украинада және басқа елдерде болды. Қазақстан адамдық, материалдық, қаржылық және ақпараттық ресурстарды жүйелі және дәйекті түрде жұмылдырып, вирустың таралуын болжай алды және оның таралуын бақылауға алды, бұл елдегі ең ірі екі ошақта – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұқтырғандардың өсуінің төмендегенін көрсетеді – дейді саясаттанушы.

Ол өз пікірінде еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілік мәселесіне де тоқталды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделінің тұжырымдамасы жыл сайын орта есеппен алғанда мемлекеттік қызметшілердің үштен бірі қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқытудан өтеді, осының арқасында үш жылдық кезең ішінде мемлекеттік қызметшілерді жүз пайыз оқытуды қамтамасыз етіледі. Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне назар аудару, сондай-ақ басқарудың меритократтық қағидатын – кадрларды іріктеу мен ілгерілетудің тиімді жүйесін енгізудің арқасында Қазақстан пандемияны барынша дайындықпен қарсы алды. Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің өз міндеттерін адал орындау, болжау біздің елде вирустың таралуын тежеу бойынша қажетті шараларды уақтылы қабылдауға көмектесті. Пандемия – вирус таралған барлық елдер үшін мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен нәтижелілігіне сын болып табылады, сондықтан осы дағдарыстың табысты өтуі халықтың билік органдарына деген сенімін арттыруға және олардың болашақта жұмысын түзетуге мүмкіндік береді – дейді Айдана Акесина.
Өзгелердің жаңалығы