Пандемия жағдайында Ақ Олимпиада қалай өтеді?

4 Ақпан 2022, 19:37
1401
Бөлісу:
Пандемия жағдайында Ақ Олимпиада қалай өтеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүкіл әлем назарын тіккен Бейжің Олимпиадасы салтанатты түрде ашылды. Әлемді індет жайлаған кезеңде спорт додасы қалай өтеді? 

Қытайда санитарлық талаптардың өте қатал екені баршаға мәлім. Әр елден келген БАҚ өкілдері қонақүйден медиаорталық пен спорт кешендеріне ғана баруына болады. Алайда қаланы қыдырып, дүкен аралауға рұқсат жоқ. Эпидахуалды назарда ұстап отырған Қытай Олимпиадаға келгендерді арнайы автобустармен тасиды. 

Сонымен қатар Бейжіңде дүбірлі додаға атсалысып жатқан волонтерлер көп. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 19 мың волонтер жұмыс істеуде. 

Егер Олимпиада кезінде спортшыдан немесе БАҚ өкілдерінен коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда олар ауруханада немесе изоляторда оқшауланады. Ол жерден шығатын кезде де ПТР-сынама тапсырады.  24 сағат ішінде  екі рет тест теріс нәтижесі теріс нәтижені көрсетуі шарт. Инфекция белгілерінің байқалмауы мен дене қызуының қалыпты болуы да ескеріледі. 

Ал алда-жалда спортшының командаластарынан індет анықталса, жақын байланыста болғандар сынама тапсырады. Нәтиже теріс болған жағдайда  жарысты жалғастыруға мүмкіндік беріледі. Алайда жарыс басталардан 12 және 6 сағат бұрын ПТР-сынама алынады. 

Өзгелердің жаңалығы