Пандемия: Португалия коменданттық сағат енгізді

2 Шілде 2021, 04:40
1978
Бөлісу:
Пандемия: Португалия коменданттық сағат енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Португалия билігі COVID-19 инфекциясы жағдайлары көбейгендіктен ел аумағында коменданттық сағат енгізуде. Бұл туралы премьер-министр Мариана Виейра да Силва 1 шілдедегі үкімет отырысында айтты.

Ол бұл туралы үкімет отырысының қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады. Премьер-министр елдегі коронавирусқа қатысты жағдай бақылауда емес екендігін жеткізді.

Коменданттық сағат 23:00-ден 05:00-ге дейін: Португалия астанасы Лиссабон мен елдің 45 қала, муниципалитеттерінде болады.

Сонымен қатар, аталған аймақтарда дүкен, мейрамхана мен кафелер үшін жұмыс уақыты шектеулі болады.

Өзгелердің жаңалығы