Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия өзге аймақтардағыдай Орталық Азия елдері экономикасының сыртқы күйзелістерге деген осал тұстарын ашты. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының орынбасары және БҰҰ Даму Бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі Уша Рао-Монари Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің екінші өңірлік Тұрақты даму мақсаттары саммитінде айтты.
Осы жолғы саммит «COVID-тен тыс - Орталық Азиядағы әділетті қалпына келтіру жолында» тақырыбымен өтіп жатыр.
Уша Рао-Монаридің айтуынша, денсаулық сақтау, экономикалық, экологиялық және саяси төтенше жағдайлардың қабаттасуы, азық-түлік, энергия және шикізат бағаларының рекордттық өсуі, пайыздық мөлшерлемелердің өсуі және келе жатқан қарыз ауыртпалығының барлығы Covid-19 пандемиясынан кейін оңалту шараларына қосымша салмақ болып отыр.
Пандемия әлеуметтік қауіпсіздік желілері мен денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігін, қосарлы еңбек нарығын және қаржыға қол жеткізудегі теңсіздікті күшейтті. Бір буын ішінде бірінші рет біз 2030 жылға қарай Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуіне жолындағы сәтсіздікке куә болдық. Жаһандық төтенше кедейлік деңгейі 20 жылда алғаш рет өсіп отыр. Пандемия басқа аймақтардағыдай Орталық Азия елдері экономикасының сыртқы күйзелістерге деген осал тұстарын ашты. Саудадағы үзілістер, тұтыну мен инвестицияның құлдырауы, мигранттардың ақша аударымы, мұнай мен минералды шикізат экспортынан түсетін кірістер аймақтағы барлық елдердің жалпы ішкі өніміне әсер етуде. Шағын және орта кәсіпорындар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар әсіресе олардың қызметтеріне сұраныстың төмендеуіне ұшырайды,-деді ол.
Оның айтуынша, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу даму жолдарын түбегейлі өзгертуді талап етеді. 2030 жылға дейін бар болғаны сегіз жылдың ішінде, дамуды «қалпына келтіру» және алға қарай жақсырақ даму үшін үлкен серпіліс қажет.
Бұл адамға инвестиция салуды, әлеуметтік қорғауды кеңейтуді, сапалы білім беруді, лайықты жұмыс орындарын құруды, жаңартылатын энергия көздеріне көшуді және барлығына цифрландыруды қамтамасыз етуді талап етеді. Мұндай батыл әрекет Тұрақты даму мақсаттарының қаржыландыру жүйесін қайта қарастыруды талап етеді. Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының 2022-2025 жылдарға арналған жаңа стратегиялық жоспарында біз 100 миллион адамды кедейшіліктен шығаруға қол жеткізуіміз керек. Біріккен ұлттар ұйымының басқа агенттіктерімен серіктестікте қолдау көрсетілетін Жұмыс пен әлеуметтік қорғау жөніндегі жаһандық акселератор аясында БҰҰ Даму бағдарламасы әлеуметтік қорғауды ауқымды кеңейтуге және қамқорлық, цифрлық және жасыл экономикада лайықты жұмыс орындарын құруға бағытталған,-деді Уша Рао-Монари.
Сонымен қатар ол алдағы төртжылдық жоспарда тұрақты қаржыландыру мен дамуға әсер ететін инвестициялауды ынталандыруға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.
Біз Тұрақты даму мақсаттарына 1 триллион доллардан астам мемлекеттік және жеке капиталды инвестициялауды ынталандыру бойынша ерекше мақсат қойдық. Қаржыны ауқымды пайдалану тек пайдаға емес, ұзақ мерзімді және трансформациялық әсерге негізделген мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті қажет етеді. Тұрақты даму мақсаттарына негізделген инвестициялық шешімдер қабылдау үшін қажетті негізді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты, мен ТДМ Орталық Азияның барлық елдері қабылдағаны үшін өте қуаныштымын. Тұрақты даму мақсатының елдің даму жоспарына қосылуы, Ұлттық тұрақты даму бойынша басқару құрылымдарын құру және ерікті ұлттық баяндамаларды дайындау Орталық Азия үкіметтерінің бейбітшілікті нығайтуға, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге және планетаны қорғауға деген ұмтылысының көрінісі,-деді ол.