Пандемия: Әлем бойынша вирустың жаңа ошақтары анықталуда

18 Маусым 2020, 21:00
1529
Бөлісу:
Пандемия: Әлем бойынша вирустың жаңа ошақтары анықталуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай астанасының билігі жиырма миллионнан астам халқы бар қалада өте ауыр жағдай болғанын айтты, деп хабарлайды AFP. The Associated Press, сонымен қатар, бейсенбіде 21 жаңа жұқтыру жағдайы анықталғанын мәлімдеді, бұл – алдыңғы күнге қарағанда аз.

Бейжіңде бір апта ішінде болған жаппай тестілеу нәтижесінде 137 адамда вирус бары анықталды. Мегаполисте мектептер мен жоғары оқу орындары жабылды, бірер күн бұрын әуе рейстері тоқтатылды, қоғамдық көлік бағыттары өзгертілді.

Дегенмен, желілік супермаркеттердің бірінің басқарушысы жағдай наурыз айында қалыптасқан жағдайға ұқсамайтынын айтты.
Ол кезде адамдар індеттің не екенін білмеген еді, вирусқа қалай әрекет ету керегін түсінбеді. Қазір барлығы қажетті әдеттерді меңгеріп алған, жалпы дүрбелең туып жатқан жоқ, тыныштық сақталуда, - дейді ол.

Бразилия – індеттің таралу ауқымы бойынша әлемде екінші тұр. Инфекциядан қаза болғандар саны 46 жарым мыңнан асқан. Бұл – ресми статистика, ал оның нақтылығына бақылаушылар күмән тудырып отыр.

Коронавирус елдің 955 мыңнан астам тұрғынынан анықталған және апта соңына қарай вирус жұқтырғандардың саны миллионға жетуі мүмкін деп болжанып отыр, деп жазады AFP. Тек өткен тәулікте ғана коронавирус 35 мыңға жуық адамнан табылды. Эпидемияға қатты әсер еткен штаттың бірі – Сан-Паулу.

ГФР астанасында апта ортасынан бері коронавирустың өршуіне байланысты тұтас бір квартал карантинге жабылды, муниципалитет 13 үйге қатысты деп хабарлады. Жаңа инфекция ошағы кезекті ет комбинатында анықталған. Кәсіпорын жабылды. Ал федералдық билік қазан айының соңына дейін жаппай іс-шаралардың барлығын тоқтатты.

Халықты өзін-өзі оқшаулауға шақырған, қатаң карантин енгізбеуді жөн көрген Швецияда қазіргі уақытта 54 жарым мыңнан астам вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Бес мыңнан астам адам COVID-19-дан қаза болды. Миллион тұрғынға шаққанда бұл Скандинавия елдері арасындағы өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші саналады.

Өзгелердің жаңалығы