Пандемия кімнің бай, ал кімнің кедей екенін айқындады

25 Қыркүйек 2020, 12:20
1663
Бөлісу:
Пандемия кімнің бай, ал кімнің кедей екенін айқындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем халықтарының табысы пандемия салдарынан 3,5 трлн долларға төмендеген. Осындай мәліметті Халықаралық еңбек ұйымы келтірді, деп жазды Kursiv.kz.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,7 пайызға төмен. 

Ұйым сарапшыларының пікірінше, мемлекеттер жүзеге асырып жатқан салық-бюджеттік ынталандырулар байлар мен кедейлер арасындағы теңсіздікті одан бетер айқындай түсуі мүмкін.

Осы жылдың тек екінші тоқсанында жоғалған жұмыс сағаттарының саны жарты млрд жұмыс орнына тең. Бұл көрсеткіш 400 млн жұмыс орнынан төмен болады деп күтілген. 

Сарапшылар жұмыстан айырылғандардың басым көпшілігі әйелдер деген деректер келтірді. Молдава руспубликасында әйелдер арасындағы жұмыссыздық 10,1 пайыз, ал ерлер арасында 7,7 пайыз деңгейінде. 

Жұмыссыздықтың көп мөлшері табысы орташа деңгейдегі елдерге тиесілі. Мұнда халықтың 15,1 пайызы жұмыссыз қалған. Ал бай елдер экономиканы ынталандырудың тиімді шараларын қабылдады, табасы төмен және орташа елдер әзірге ондай шараларға баруға қауқарсыз.

Біз тек вируспен күреске емес, дағдарыспен күреске де назар аударуымыз керек. Бұл бизнесті қолдау, жұмыс орындарын ашу, табыс көзін табу, - деді ұйым сарапшысы Гай Райдер. 
Оның пікірінше, кедей және табысы орташа елдерге халықаралық ұйымдар қолдау көрсетуілері тиіс. Ұйымның есебінше, кедей елдерге 45 млрд қажет. Бұл бай елдердің бюджетінің тек 1 пайызын құрайды.

Өзгелердің жаңалығы