Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Аслан Түкиев «COVID-19 пандемиясы кезінде әділеттілікке қол жеткізу» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтты.
Ол атағандай, қоғам пандемиядан алған шокты сот жүйесі жылдам әрекет қабылдаудың нәтижесінде еңсерді.Пандемия қоғамның күнделікті өміріне өзгеріс енгізді. Әрине, сот жүйесі одан тасада қалмады. Шетелдік әріптестерімізге қарағанда біз істерді қарауды бірде-бір күнге тоқтатпадық. Иә, кейбір жергілікті соттарда індеттің асқынуына қатысты кедергілер болды. Бірақ олар жағдайлық сипат әкеліп, бір-екі күн ішінде қалыпқа келді. Жалпы сот жүйесі өзінің ісін тоқтатпады, - деді Түкиев.
Алайда қоғам ондай іс-қимылды оң қабылдамайды. Олардың кейбіреуі сәтті болмаса, сынға да ұшырайды. Біз істеп жатқан жұмыстың нақтылығы қабылданған шешімдердің дұрыс әрі тиімді екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінде сот жүйесінің қандай қызметкерлері офлайн жұмысты жалғасытру керегін шешіп алдық, - деді ол.
Аслан Түкиев атап өткендей, олар қашықтан жұмыс істеуге көшіру топты да анықтап алған.
Әділдікті қамтамасыз ету жұмысын онлайн да қажетті деңгейде сақтап қалу мүмкіндігі туды. Біз барлық құжатты барынша онлайн режимге көшірдік. Қазір бұл көрсеткіш 912 пайызға жетті. Бұл да белсенді жұмыстың нәтижесінде жүзеге асырылды, - деді судья.
Оның айтуынша, 2018 жылы онлайн форматта 40 отырыс өткізілсе, 2019 жылы 110, 2020 жылы ТЖ-ға 1 ай қалғанда 150 отырыс және бір ай өткен соң 1000 отырыс өткізілген.
Ал сәуір айының соңында біз 4500 істі қарадық. Бұл қарастырылатын істердің 90 пайызын құрады. Оның барлығын қарау әлеуметтік желі мен жүйенің арқасында жүзеге асырылды. Кейбір шетелдік әріптестеріміз сияқты 3-6 айға істерді қарауды тоқтату таңдауы болды. Бірақ біз оны қолданбадық, - деді Түкиев.
Айта кетейік, шара Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Құқықтық саясатты зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтті.