Пандемия экономиканың барлық саласына цифрландыруды енгізуді жылдамдатты - Мамин

5 Ақпан 2021, 11:14
1294
Бөлісу:
Пандемия экономиканың барлық саласына цифрландыруды енгізуді жылдамдатты - Мамин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлы технологияны терең енгізу жеке сектор мен бизнестің шектеу жағдайына тез бейімделуге жағдай жасады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин «Digital Almaty 2021» форумында айтты.

ҚР Үкімет басшысы бүгінгі отырыста пандемия кезіндегі экономиканың цифрлы трансформациясына арналғанын айта келе экономиканың барлық саласында цифрландыруды жылдам енгізу ең маңызды трендтің бірі болғанын жеткізді. 

Цифрлы технологияны терең енгізу жеке сектор мен бизнестің шектеу жағдайына тез бейімделуге жағдай жасады.Цифрландыруды енгізу халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуге  жағдай жасады. Күнделікті жұмыстар мен білім берудің қашықтан жұмыс істеуге көшуі елде дүрбелең туғызбады және халықтың еңбек ақысын уақытылы алып отыруына мүмкіндік берді. Бұл тұрғыда цифрлы экономиканың маңызды рөл атқарғанын көрдік. Дүниежүзілік экономикалық институттардың дерегінше 2020 жылы IT саласына жұмсалған шығындар 3,9 трл долларды құраған. Экономиканың барлық саласын цифрландыру жылдамдатылған, - деді ол. 

Сондай-ақ ол пандемия кезінде цифрлық қызмет алу өрісі кеңейтіліп әрі сапасын жоғарылату тұрғысында жұмыс атқарылғанын айтты. 

2020 жылы 20 мың шақырымды оптикалық талшық байланыс желісін салып бітірдік. 1000 жуық мобильді байланыс станциялары орнатылды. Бұл өңірдегі технологиялық теңсіздікті болдырмауға жағдай жасады. Қазіргі күні Қазақстан халқын интернетпен қамту 99% құрайды, - деді Мамин.

Өзгелердің жаңалығы