Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия экономикалық шокқа әкелді. Бұл туралы Халықаралық валюта қоры, Таяу Шығыс және Орталық Азия департаментінің директоры Джихад Азур онлайн өткен "Astana Finance days 2020" панельдік сессиясында айтты.
Біз қазір үлкен өзгерістерге ұшырап жатырмыз. Бұған Орталық Азия маңынан шыққан пандемия да әсер етті. Бірқатар ел күйзеліске ұшырады. Коронавирустың салдары қандай болмақ, Үкімет жұмысы қандай болып жатыр? Осы мәселе мазалайды. Қазір көп тетік оқиғаға қалай әсер ететіні белгісіз. Болашаққа жоспар құруды бастау керек, - деді Джихад Азур.
Оның айтуынша, Орталық Азия мен Кавказ өңірі коронавирустан көп зардап шеккен өңірлер.
Олар маңызды экономикалық блоктар арасында орналасқан. Сондай-ақ, вирус бастылған елдің жанында тұр. Өңірде басқа елдермен салыстырғанда жаңа жағдайлар артып отыр. Аталған елдер тек бұл мәселемен ғана күресіп отырған жоқ. Бұл елдердің экономикасына мұнай-газдың қандай үлес қосатынын есептесек, экономикаға айтарлықтай ауыр болды. Пандемия экономикалық шокқа әкелді. Бұл елдер сынаққа қалай әрекет жасады? Алдымен, елдер азаматтарының денсаулығын сақтауға тырысты. Экономикалық және медициналық шоктың әсері әртүрлі болды. Бұл елдердің қорына байланысты болып отыр, - деді ол.
Сарапшы айтқандай, аталған елдердің саяси қабылдауы адекватты болған.
Орталық Азия елдері мен Кавказ өңірі әлеуметтік саланы да белсенді ете түсті. Олар жұмыссыз қалған тұрғындарына әлеуметтік төлем тағайындады. Өзбекстан мен Қазақстан әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысын қолданды. Олар бірден тұрғындарын қолдады. Бұл дағдарыстың Орталық Азия елдеріне тигізетін салдары қандай болмақ? Жаһандық сауда биыл 12 пайызға қысқарды. Бұл елдер үшін Қытай белсенді сауда серіктестің бірі болған. Орталық Азия мен Кавказ елдерінің сауда өсімі -1,5 құрады. 2021 жылы экономикалық өсім болжанып отыр. Алайда қазіргі жағдайды болжауға болмайды, болашақ бұлыңғыр. Бұл дағдарыс өңір елдерінің экономикасы қаншалықты мықты екенін көрсетеді, - деді ол.