Пандемия басталғалы індетке шалдыққан қанша медицина қызметкері өтемақы алды?

7 Қазан 2020, 16:44
1072
Бөлісу:
Пандемия басталғалы індетке шалдыққан қанша медицина қызметкері өтемақы алды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифинг барысында айтты. 

Медициналық қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік төлем төлеу мәселесі өзекті әрі өте маңызды мәселе болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан барлық медицина қызметкерлерін тиісті әлеуметтік төлемдерімен қамтамасыз ету үшін барлық шараларды жасап жатыр, - деді ол. 

Ол пандемия жариялағаннан бері елімізде қанша медицина қызметкері індетке шалдыққанын айтты. 

Инфекция жұқтырған денсаулық сақтау қызметкерлерінің саны 12 830 адамды құрайды. Оның ішінде кәсіптік қыметті жүзеге асыру кезінде COVID-19 және пневмониямен сырқаттанушылар бойынша 8442 өтінім келіп түсті. Оны өңірлік комиссиялар қарады. Осылардың ішінде өңірлік деңгейдегі өтінімдердің 68 пайызы немесе 559-ының жағдайы расталған болатын. Жалпы алғанда өтемақыны 4550 медицина қызметкері алды. Бұл комиссия растаған өтінімдердің 81 пайызын құрайды, - деді ол. 

Сұлтанғазиев өлім жағдайлары бойынша да айтып өтті. 

Бүгінгі күні өңірлік комиссияларда 82 жағдай қаралды. Жалпы 182 жағдайдың ішінде. Өңірлік комиссияның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне келіп түскен болатын. Қазіргі уақытта өтінімнің 45-і сәйкесінше төлемақыны алды. Ол 82 пайызды құрайды. Бұл қарапайым сандардың артында дәрігерлердің індетпен күрестегі жанқиярлық және батырлық еңбегі жатыр, - деді Сұлтанғазиев.
Өзгелердің жаңалығы