Пандемия қазақстандық экспортқа қалай әсер етті?

20 Тамыз 2020, 12:49
1544
Бөлісу:
Пандемия қазақстандық экспортқа қалай әсер етті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемдегі пандемия қайта өңдеу өнеркәсібі тауарларының экспортына да әсерін тигізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Соңғы екі жылда экспортталатын өнім көлемі ұлғайғанына қарамастан, ақшалай эквавалинттегі көрсеткіш төмендеген. Оған әлемдегі тауарлар бағасының арзандауы да әсер етіп отыр.
Мысалы бір ғана ферроқұймаларының бағасының 14,5 пайызға төмендеуі экспорттың 320 млн долларға азаюына әкеліп соқты. Ал экспорт көлемі керісінше 100 мың тоннаға артқан. Бағалар ғана емес, қазір әлемде сұраныс та төмен, - дейді министр. 
Министрдің айтуынша, әлемдік экономиканың бәсеңдеуін қызмет көрсету экспорты да сезінуде. Соңғы жарты жылда ол 5,8 пайызға азайған. Бақыт Сұлтанов осы орайда экспортты диверсификациялаудың маңызына тоқталып, тұрақты сұранысқа ие тауарлар өндіруге көшуіміз керектігін атап өтті. 
Дегенмен біз шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдаудың проакивтік саясатын қолданамыз. Бір жыл ішінде 3000 қазақстандық компания 50-ден астам халықаралық көрмеге қатысып, 63-і 114 млрд теңгенің экспортық жобасына келісім жасады, -дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы