Пандемия: Әлемде коронавирустан көз жұмған адам саны 3 миллионнан асты

7 Сәуір 2021, 08:45
1499
Бөлісу:
Пандемия: Әлемде коронавирустан көз жұмған адам саны 3 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 3 миллионнан асып кетті. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлайды.

Жыл басында ғана бұл көрсеткіш 2 миллион еді. Алайда соңғы 3 ай ішінде тағы бір миллионға артқан.

Антирейтингте бірінші орында АҚШ тұр. Мұнда індет құрбандарының саны 570 мыңға жуықтап қалды. Екінші және үшінші орында Бразилия мен Мексика. Сарапшылар Бразилиядағы ахуал күрделі екенін айтады. Қазір әлемде коронавирустан көз жұмып жатқан әрбір төртінші науқас осы елде тіркеліп отыр. Салдарынан жергілікті денсаулық сақтау жүйесінде дағдарыс туындаған. Жансақтау бөлімдерінде орын тапшы.

Ал Еуропаға келсек, мұнда кісі өлімінің шамамен 60 пайызыі 5 мемлекетте тіркеліп отыр. Бұл Ұлыбритания, Ресей, Франция, Италия мен Германия.

Өзгелердің жаңалығы